Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды
Жойқын сел жүріп, бірнеше адам опат болды. Тас араласқан лай Ош қаласы мен оған іргелес аудандарды жайпап, бір әйел мен оның үш қызын алып кетті. 6 жасар бүлдіршіннің денесі кеше Өзбекстанмен шекара маңында табылған. Ал анасын таңертең Ақ Буура өзенінен құтқарушылар шығарып алды. Қалған екі қыз әлі іздестіріліп жатыр. Сел жүрген кезде жарақат алған 30 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Электр желілері үзіліп, 7,5 мыңдай адам электр қуатынан ажырап қалды. Түн ішінде 5 мыңнан аса үй жарыққа қайта қосылды.
Жергілікті тұрғын:
- Ес білгелі бері мұндай селді көрген емеспін. Жиі болмайтын, әдетте өзге жақтан өтетін, біз оны тіпті аңғармайтынбыз. Ал бұл жолы су мен лай үйімізді жайпап кеткенін көріп тұрсыз. Енді бәрін тазарту керек.