Сириялық босқындар отанына оралды
2025 жылдың бірінші жартысында миллионға жуық сириялық босқын отанына оралады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Бұған Сириядағы биліктің ауысуы себеп. Осыған дейін Шам еліндегі уақытша үкімет басшысы миллиондаған сириялық босқынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріп, елге оралуға шақырған. Осыған байланысты кәрі құрлықтың бірқатар мемлекеті сириялықтардың пана сұрауға қатысты өтініштерін қарауды тоқтатты. Ал біраз ел қаржылай сыйақы беріп, үйлеріне қайтуларын жеделдетті. Мәселен, Австрияда әр босқынға мың еуродан беріледі. Дания бір адамға 27 мың еуро төлеуге уәде берді. Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бес миллионнан астам адам өзге елге көшкен. Дені Түркия, Ливан және Иорданияны паналаған.