Бұл жолы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16 маман өзара сынға түскен. Олар автокөлік қозғалтқышының ақауын тауып, жою, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету сияқты кезеңдерде шеберлік байқасады. Тәлімгер ретінде компютерлік тестілеуді қаншалықты меңгергендігі тексеріледі. Қатысушылардың әр іс-қимылын сарапшылар қадағалап, бағалап отырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқытушылардың кәсіби дайындығын анықтау үшін байқауға күрделі тапсырмалар енгізілген.
Мақсат Смағұлов, байқау сарапшысы:
- Бұл жердегі қиындықтар туындап жатыр. Қай колледжде пневма-тест жоқ екенін, көбінесе қалай реттеу (регулировка) жасау керектігін, оны қалай қосып, пайдалану керектігін білуіміз керек. Осы жағынан қиындықтар бар. Әр жасалған жұмысқа өз бағасын беріп отырмыз.