2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 590 мың мұғалімнің жалақысы артты
Бұл – сапасыз білімнің бір көрсеткіші. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында еліміздегі университеттер санын қысқарту керек деген міндет қойған. Жолдауға бір жыл болды. Нәтижесі қандай?
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанда 130-дан астам ЖОО бар. Оның 60-тан астамы жекенің иелігінде. Университеттерді қысқарту жұмысы алдымен осы жекеменшік ЖОО-лардан басталды. Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті толығымен жабылды. Тексеріс барысында бұл оқу орнында 78 талаптың 63-і бұзылған.
Тағы екі ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды. Олар – Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Еңбек және әлеуметтік қатынас академиясы.
Кейбір ЖОО біліктілік талаптарына сәйкес келмеген соң лицензияларын өз еркімен қайтарып жатыр. Мысалы, биыл Талдықорғандағы Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы өзінің білім беру қызметін аяқтайды.
Үкіметтің жарлығымен өткен жылы төрт мемлекеттік университет біріктіріліп, екі ірі оқу орнына айналды. Олар – Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық унвиерситеті.
Дәл қазіргі уақытта он білім ордасында оңтайландыру мәселесі талқыланып жатыр. «Биыл 41 ЖОО-ға тексеру жоспарланған, талапқа сай келмейтініне шара қолданылатын болады», – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Президент Жолдауында айтқан тағы бір мәселе мұғалімдердің жалақысын көтеру еді. Биыл, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орта білім беретін ұйымдарда мұғалімдердің жалақысы 25%-ке көбейді. Осылайша 590 мың мұғалімнің жалақысы артты. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.