Алматыда жаңа жылға дейін 16 мыңнан астам мектеп ашылады
Жалпы жаңа жылға дейін 16 мыңнан астам мектеп ашылады, бұл тапшылықты 47%-ға төмендетеді. Елордаға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев келіп, Алматының экономикасы мен алматылықтардың әлеуметтік мәселелері жайында баяндап берді.
Алматының тұтас ел үшін тарихи рөлі айрықша. Себебі біз биыл 30 жылдығын тойлағалы отырған тәуелсіздік осы шаһарда жарияланды. Алматы өмір сүруге қолайлы және жалпыға бірдей тең мүмкіндік беретін қалаға айналуға тиіс. Бұл Президенттің өз тапсырмасы болатын. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, жыл басынан бері Алматы экономикасы 5,5%-ке өсіп, 5,8 трлн теңгеге жеткен.
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:
- Жыл басынан бері шағын бизнеске несие беру көлемі 1,4 есеге өсті. Жыл басынан бері шамамен 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Жұмыссыздық 5,1% құрайды. Үшінші тоқаснда айлық жалақы 20% көбейіп, 283 мың теңгені құрады.
Коронавируспен күреске кешенді түрде дайындалған қалалардың бірі осы. Қазір мұнда көпсалалы жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталған. Мектеп тапшылығын жою да – кезек күттірмейтін мәселе.
Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:
- 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 8,2 мың орынды мектептердің 17 жаңа корпусы салынады. Олардың 11-де балалар оқып жатыр. Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап 2,6 мың орынды 13 жекеменшік мектеп ашылды.
Өткен қараша айында Алматыға жасаған сапары барысында Президент екінші ЖЭО-нда болып, нысанды газға ауыстыруды тапсырған. Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, келесі жылы бұл жұмыс басталып, 2026 жылдың соңында аяқталуы керек.
Авторы: Гүлжан Марқабаева