Балалар жылында жасалған жұмыстардың есебі берілді
Олар білім, спорт, дебат, өнер салалары. Аз қамтылған балалардың ата-аналарына берілетін қаржылай көмек 2 есеге артыпты. Балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 50-ге жуық нормативтік акт қабылданған. Білім саласы бойынша 153 мың оқушыға, 254 жаңа мектеп бұйырған. Аяқталмай қалған 130 мектеп келесі жылы қолданысқа берілмек. 2022 жыл бойынша елімізде жаңа туған сәбиден бастап 17 жасқа дейінгі бала саны 6,6 млн-ға жуықтаған. Бұл жалпы халық санының 35% құрайды.
Ғани Бейсембаев, ҚР оқу-ағарту вице-министрі:
- Жалпы балалар жылын іске асыру үшін 12 орталық, 20 жергілікті мемлекеттік орган, 130 үкіметтік емес, 20 мыңнан аса оқу ұйымдары қатысты. Балалар инфрақұрылымын жақсарту, ойын алаңдарын дамыту және жаңа заманауи нысандар салу, олардың әл-ауқатын арттыру бағытында биыл елімізде 1 691 нысан ашылды.