Хабар телеарнасы

Астанаға жас ғалымдар жиналды

Елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII-ші «Наурыз кездесулері» өтіп жатыр. Бұл мектеп жасындағы жас ғалымдардың басын біріктіретін дәстүрлі жоба. Жиында денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллект, робототехника сияқты түрлі бағыттар бойынша үздік жобалар көпшілік назарына ұсынылады. Үздік шыққандары қолдау тауып, авторларына елдегі беделді ЖОО-ның гранты беріледі.

Әнуар Жанғозин, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы: 
- Бізде 150 жалпы қатысушы болса, олардың 50-і ауыл мектептерінен келген, тірек мектептен келген оқушылар. Жалпы қазылар алқасымен ең жоғары нәтижеге жеткен жобалар, қатысушылар оларға арнайы сыйлықтар қарастырған, олардың ішінде мысалы, еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің гранттары, жалпы 6 грант берілетін болады.