СҚО-да ұшқышсыз аппараттар жасалады
Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан зауыттардың бірі ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың 29 түрін жасап шығармақ. Ол үшін кәсіпорын өкілдері қытайлық мамандармен әріптестік орнатты. Шағын ғана ұшақты түрлі салада пайдалануға болады. Ақылды техника дала өртін анықтау, барлау және іздеу-құтқару жұмыстары кезінде таптырмас құрал.
Мемлекет басшысы жолдауында ұлттық қауіпсіздікті қаматамасыз етіп, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайтуды және жоғары өндіріс циклін құру керектігін баса айтқан еді. Ал аталған өндіріс орнында тың технологияны игеру жоспарланған.
Арман Құлмағамбетов, зауыттың бас директоры:
- Қазіргі уақытта біз көрші Қытай мемлекетімен партнерлік контракт жасадық. Жаңа қондырғылар келе жатыр. Жаңа линия салып жатырмыз. Негізі қазіргі уақытта төрт беспилотник шығарылды. Енді 29 шығарайық деп жатырмыз. Бұл негізі керек нәрсе. Мемлекет басшысымыз айтқандай біз жаңа технологияларды дамыту керекпіз. Соны біз бастап жатырмыз.