Енді онкологияға қарсы дәрі өзімізде шығарылады
Бірер жылда онкологиялық ауруларды өзімізде шығарылған дәрілермен емдейміз. Отандық ғалым Дос Сарбасовтың авторлығымен жасалған дәрілік препараттың алғашқы үлгісі қатерлі ісікке шалдыққан 15 науқасқа салынған. Сынақ сәтті өтсе қолданысқа енгізіледі. Бүгін Үкіметте айтылғандай енді ғалымдарды қолдау айтарлықтай күшейеді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша биылдан бастап ғылымды қолдауға бөлінетін қаржы үш есе артты. Осылайша алдағы екі жылға көзделген бюджет 730 млрд теңгеге жеткен.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
-Менің қолымда Қазақстанда тұңғыш шығарылған деген онкологиялық дәрі-дәрмек DVC деген. Қызық бір әдістеме Дос Сарбасов мырза өзі биотехнолог және жасушалармен айналысады. Ісік жасушаларының қорыту процесін бұзатын бір дәрі.