Кітап сатуда ұтымды маркетинг керек
Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы - кітап оқу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру керектігін айтқан болатын.
Бүгінде елімізде жас қаламгерлер қатары аз емес. Баспадан шығып жатқан кітап та жеткілікті. «Бірақ соны оқырманға тиімді жеткізу тәсілдерін қайта қарастырып, кітап сату ісінде ұтымды маркетинг пайдалану керекпіз»,- дейді жас ақындар.
Ажар Ерболған, ақын:
- Яғни сыртқы келбеті эстетикалық әдемі, жылтыр болса, міндетті түрде тұтынушы адам бірінші соған қолын жүгіртеді. Яғни соған қол созады. Сондықтан не нәрсені ұсынар кезде біз маркетингтік көзқараспен, яғни маркетингтік жолмен ұсынуымыз керек.
Абай Ораз, ақын:
- Мысалы, Ұлттық кітап күнін атап өту мәселесін көтеріп отыр. 24/7 сағататта жұмыс істейтін кітапхана ашу мәселесін көтеріп отыр. Бізге бірінші кезекте кез келген уақытта есігін ашып, кіре қоятын кітап орындары керек. Қай уақытта да ұлт болып қалыптасу үшін, ел болып дамуымыз үшін кітап оқу мәселесін қай салада болса да, жолға қоюымыз керек.