Су басқан аймақтардағы 80 білім беру мекемесінде оқу онлайн түрге ауысты
Оқушылар онлайн оқуға қажет техникамен жабдықталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты. Қазір №55 мектеп эвакуация орталығына айналған. Балаларға, сондай-ақ зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін 300-ден астам маман жұмыс істеп жатыр.