IT саласында мүмкіндігі шектеулі жастардың саны артып келеді
Алматыда ақпараттық технологиялардың тілін меңгеріп жатқан мүмкіндігі шектеулі жастардың саны артып келеді. Білімді маманға қашан да сұраныс бар. Олар жеке компанияларға жұмысқа орналасып, өз ісін бастап жатыр. «Дегенмен денсаулығын түзеп, эмоционалдық көңіл-күйлерін жақсарту арқылы қоғамға тез бейімдеуге болады»,-дейді мамандар.
Компъютерлік бағдарлаудың тілін меңгеріп жатқан Аяна Қасымалы талапты студент. Сабаққа белсенді қатысады. Дизайн үлгілерін әзірлеудің базалық құралдарын қолдануды үйренді. Ізденімпаз оқушы ірі өндірістік компанияда жұмыс істегісі келеді.
Аяна Қасымалы, студент:
- Ақпаратттық технология маманы болу – менің басты мақсатым. Оқуымды аяқтаған соң, одан әрі білімімді жетілдіріп, тәжірибе жинаймын.
Есту қабілеті нашар түлектерді қоғамға бейімдеп, жұмысқа орналастыру әлі де өзекті. Республикалық семинарға келген психологтар мен дефектологтар өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелерді қолданудың артықшылықтарын айтты. Ең бастысы – ерекше қажеттілігі бар жандардың жанын түсіну керек. Бұған дейін қызмет көрсету мамандықтарын игерушілер басым болса, қазіргі жастар жаңа технологияларды таңдайды. Мысалы, былтыр колледжі бітірген 20-дан астам студент IT компанияларға жұмысқа тұрған.
Жарқын Жаниязова, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің директоры:
- Әр уақытта әртүрлі балалардың қабілеттері. Бұрындары шаштараз өнеріне балалар көп келетін еді. Бәрі стилист болғысы келетін. Қазір оған балалардың құлшынысы жоқ. Қазір көбіне программист мамандығына көңіл бөледі. Яғни программист болғысы келеді. Серіктестерімізге балаларымызды ұсынамыз. Кейбіреуі өздері алып кетіп жатады.
«Қазақ саңырау-мылқаулар қоғамы» мәліметінше, республикада 3 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар азаматты жұмысқа орналастыру керек. Ал өткен жылы елдегі 481 мылқау жанға білім алып, өз ісін бастау үшін мемлекеттік гранттар берілген.
А. Садуақас. В.Лобанов