«С.Нұрмағамбетов: тумысы бөлек тұлға» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
«Сағадат Нұрмағамбетов: тумысы бөлек тұлға». Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осындай тақырыппен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, әскерилер мен жас сарбаздар қатысты. «Бүгінгі ұрпақ елінің батырын тану керек»,— дейді ұйымдастырушылар. Сағадат Нұрмағамбетов — қазақтан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының батыры, қорғаныс саласындағы тұңғыш «Халық Қаһарманы», алғашқы армия генералы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі және Біріккен Ұлттар ұйымының биік мінберінен сөйлеген де тұңғыш қазақ генералы. Небәрі 21 жасында Кеңес Одағының маршалы Жуковтың ұсынысымен Кеңес Одағының батыры атанған нар тұлғаның ерлікке толы өмір жолынан сыр шертіліп, фотосуреттері көрмеге қойылды.