Астанада Zakovat зияткерлер клубының ойыны өтті
Білім мен ұшқырлыққа бағытталған іс-шараны Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева ашты. Ол өз сөзінде Арал мен Сырдария, аймақтық қауіпсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді. Екі елге ортақ түйіткілді мәселелерді шешу үшін дарынды жастарды дамыту керектігін атап айтты. Осындай бірлескен жобалар екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтып, білімді азаматтарды анықтауға сеп болмақ,- дейді ұйымдастырушылар.
Көрші Өзбек елінде аса танымал Zakovat зияткерлік сайысына Өзбекстан мен Қазақстанның ең үздік ойыншылары қатысты. Білім, эрудиция, ұтқырлық және логиканы қажет ететін ойында екі елдің тарихы мен мәдениетіне қатысты сұрақтар көп болды. Достықты ту еткен бұл ойында Өзбекстан командасы жеңіске жетті.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Астанаға Сізбен бірге көптеген білімді, дарынды жастар келді. Мен мұны жақсы нышанға балаймын. Олар Қазақстандағы замандастарымен танысады, қазақ пен өзбектің достығын нығайта түседі. Шын мәнінде білім мен ізденіске, оқу мен ғылымға құштар елдің болашағы өте зор. Біз бұл бағытта тәжірбие алмасып, ой біріктірсек, ортақ жеңістеріміз одан да көп болатыны сөзсіз.