Хабар телеарнасы

Қазақстан Конституциясы 29 жыл ішінде 6 рет өзгертілді

Қазақстан Конституциясы 29 жыл ішінде 6 рет өзгертілді. «Бірақ әрбір өзгерту мен түзету халықтың құқығы мен бостандығын барынша қамтамасыз етуге бағытталды», - дейді заңгерлер.

Мәжіліс депутаттары елдің конституциялық даму тарихы саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар Президенттің Ұлттық Құрылтайда айтқан заң үстемдігін нығайту тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсат – қазақстандықтардың мүддесі үшін қоғамға «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен енгізу.

Еркебұлан Аманқосов, Мемлекет тарихы институтының бөлім жетекшісі:

- Азаматтардың конституциялық құқықтары негізінде саяси шешімдерге қатысу мүмкіндігі, яғни Конституциядағы 2022 жылғы өзгерістің өзі, сол референдум арқылы өтуі, мына «Онлайн петиция» секілді механизмдердің іске асуын біз күнделікті түрде көріп отырмыз.