Хабар телеарнасы

Биыл жеке мектепке бюджеттен ₸134 млрд аударылды

Қазақстанда жеке мектеп көбейіп барады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елде осындай 789 білім ошағы бар. Оларда 240 мыңнан астам бала оқиды. Бірақ барлығы бірдей жеке қаражатымен күн көріп отырған жоқ. Аталған мектептерге мемлекеттен де қыруар қаржы бөлінеді. Биылдың өзінде оларға бюджеттен 134 миллиард теңге аударылған. Бүгін Президент: «Ата-аналар мемлекеттің жекеменшік білім ошақтарына нақты көмек беріп жатқанын білуі тиіс»,— деді. Ол үшін әр балаға норматив бойынша бөлінетін қаражат көрсетіліп тұру қажет екенін айтты.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
-Кез келген жекеменшік мектепте білім алатын оқушыға мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс орындалады. Осыған қатысты нақты ашықтық саясатын енгізуді атап өтті. Бұл саясат ашық болу керек.