Хабар телеарнасы

Талдықорғанда бидайдың генетикасы зерттеліп жатыр

Қазақ ғалымы Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр. Қанат Ермекбаев бастаған ғалымдардың жобасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің 150 млн теңгелік грантын жеңіп алды.

Үш жылға жоспарланған жұмыс нәтижесінде 450-ге тарта бидай сұрпының генетикасы стандартталады. Бұл өте ауқымды жұмыс, - дейді саладағылар. Себебі бір дақылдың генетикалық коды 16 млрд әріптен тұрады. Компютерлік өлшеммен алғанда, әрбірінен 16 гигабайт ақпарат алынады.

Сонымен қатар жылдам селекциялау бағытының ауқымы кеңейеді. Тың салаға ден қойған ғалым Орталық Азия елдерінен бірінші болып «Speed breading» технологиясын енгізді. Сол арқылы 120 күнде жетілетін бидайды 60 күнде өсіру тәжірибеден өткізіліп жатыр.

Қанат Ермекбаев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің зертхана меңгерушісі:

- Бір өнімді төзімді белгілі бір ортаға бейімді сұрыпты шығару үшін 14-12 жыл уақыт кетеді. Яғни бұл деген өте көп уақыт, өте көп ресурсты талап етеді. Адам жағынан, қаржы жағынан болса да. Бұл технологияның маңыздылығы осы селекциялық процестерді 6 есеге дейін жылдамдату.