Егемендік декларациясы – Тәуелсіздік бастауы
Астана қаласында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында ел егемендігінің қалыптасу жолы мен жаһандық сын қатерлер жағдайындағы дамуы айтылды.
Мемлекет және қоғам қайраткерлері декларацияны қабылдау кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Жоғары кеңесте қызылкеңірдек болып талқыға салынған тағдыршешті құжат оңай қабылданбады. Түрлі кедергілер кездесіп, орынды-орынсыз өзгертулер енгізуге де тырысқандар болған. Сондықтан 25-ші қазан – қастерлі күн, қазақтың арманы ақиқатқа айналған күн.
Бірғаным Әйтімова, Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Арманы ақыры ақиқатқа шыққан ол – территориямыздың бөлінбейтіні. Біздің жер-су қоймалары, ғылым потенциалы, басқа потенциалдар Қазақстанның қандай байлығы бар, соның бәрі өз меншігінде. Біздің тарихи Республика күніміз құтты болсын!