Семейлік оқушы қалалық инфрақұрылым мен туризмді жақсарту үшін AR-веб қосымшасын ойлап тапты
Семейде 11-сынып оқушысы қалалық инфрақұрылым мен туризмді жақсарту үшін AR-веб қосымшасын ойлап тапты. Бұл инновациялық жоба «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, шаһардың инфрақұрылымын жоспарлауға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы кез келген жұмыстың 3D моделін көруге болады. Ол үшін QR кодты сканерлеу қажет. Дарынды оқушы жобасын ары қарай дамыту үшін мемлекеттен қолдау алуды жоспарлап отыр.
Нұрлыхан Маратов, 11-сынып оқушысы:
-Бұл қосымшаның қолданыс аясы кең. Тек қала құрылысында ғана емес, білім саласында да пайдалануға болады. Мәселен, әр жылдарда болған тарихи оқиғаларды графикамен беру мүмкіндігі бар. Ал егер биология сабағында пайдалансақ, сканерленген QR код адамның анатомиясын көрсетеді.