2027 жылға дейін ауылдық жерлерде 180 жаңа мектеп салынады
2027 жылға дейін ауылдық жерлерде 180 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Қазір мектеп жасындағы балалардың шамамен 40% елді мекендерде білім алуда. Олардың оқу жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында келесі жұмыстар атқарылған. Биыл 42 мектеп пайдалануға беріліпті. Ал соңғы үш жылда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылған. Қазір 800-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдарда мұғалім тапшылығы әлі де бар. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, ол бірнеше жолмен шешілуде.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
-Қашықтықтан оқыту арқылы шешу процесі басталды. Екіншіден аралас мамандықтар бойынша оқытуды қолға алғанбыз. Бүгіннің өзінде ауылдық жерлерде 1,5 мың мұғалім аралас мамандық бойынша жұмыс істеуде. Дипломмен ауылға бағдарламасы шеңберінде бағдарламалық шаралар қабылданып жатыр.
Томск, Астрахань және Орынбор. Ресейдің осы үш қаласында қазақ мектебі салынады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Құрылыстың басталу уақыты әлі белгісіз. Оның сөзінше, қазір ол аймақтарда білім ордасын салу бойынша зерттеу жүргізілуде. Мектептерді ашу екі елдің бұған дейін жасаған келісімі аясында іске асады. Уағдаластыққа сай Қазақстанда үш орыс мектебі ашылады. Олар Түркістан, Тараз және Қызылорда да салынуы мүмкін. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында.