Хабар телеарнасы

Цифрлық технологиялар барлық салаға дендеп енді

Цифрлық технологиялар барлық салаға дендеп енді. Оның тиімділігін көріп те жүрміз. Мәселен, биыл қазақстандықтар 44 млн қызмет түрін eGov арқылы алған және eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында 40-тан астам жаңа қызметтер қосылды. Соның бірі құмар ойындарға қатысудан өз бетінше бас тарту. Бұл қызметті бүгінде 160 мыңнан астам адам пайдаланды. Онлайн қызметтермен қатар онлайн сауданың да дәурені жүріп тұр. Адамдар үйде отырып-ақ түрлі маркетплейс арқылы керегін тапсырыспен алады. 2020 жылы электрондық сауданың көлемі 476,7 млрд тг болса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,4 трлн тг жеткен. Яғни нарық үш-ақ жылда 5 есе ұлғайған. Ал оның 72,4% маркетплейстерге тиесілі. Онлайн сауда дамыған сайын қоймаларға сұраныс арта түскен.

Тұрсын Жағыпарова, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы төрағасының орынбасары:

-Ең бірінші тұтынушы интернет саудадан бірдеңе аламын дегенде оның юридический мекенжайы болғаны жақсы, ол үлкен дүкен болғаны жақсы, одан кейін сол маркетплейстің интернетте жазуы болуы керек. Товарды қайтаруға болады не болмаса болмайды деп. Тым арзан тауар күмандану керек одан. Сапалы тауар өте арзан болуы мүмкін емес. Соған мән беру керек.