ChatGPT боты жаңарды
Жасанды интеллект саласы әлемдік нарықта қарқынды дамып келеді. Қазір алпауыт компаниялар арасында қызу тартыс жүріп жатыр. Мәселен, DeepSeek төңірегіндегі дау-дамайға байланысты OpenAI жылдам қимылдап, Chat gpt ботын жаңартып үлгерді. Бұған дейін көпшілікке белгісіз болған қытайлық стартап бүкіл әлемді таңғалдырып, жасанды интеллект саласын әбігерге салған еді. 2023 жылы ғана құрылған DeepSeek жақында чат ботын шығарды. Ол осы саланың көшбасшысы саналатын Chat gpt-ден кем түспей, кейбір тұстарында озып кетті. Ең бастысы бұл жүйені қолдану тегін. Өткен аптада АҚШ, Ұлыбритания және Қытайда Apple-ден ең көп жүктелген қосымша болды. Жоғары технологиялық компаниялардың капитализациясы бір триллион долларға азайды. Әсіресе Жасанды интеллектке арналған ең қуатты чиптер шығаратын Энвидия зор шығынға ұшырады. Осыған дейін әлемдегі ең қымбат саналған компанияның акциялары 17% арзандады.
Фрэнсис Лун, Geo Securities компаниясының бас директоры:
-Бұл жасанды интеллект технологиялары саласындағы ядролық бомба болды. Өйткені 20 есе аз қаржы жұмсап, Chat gpt-ден асатын өнім шығарып, жасанды интеллектке чиптер шығаратын компаниялардың акциялары тым жоғары бағаланғанын көрсетті.