Жыл соңына дейін барлық медициналық ЖОО аккредиттеледі
Жыл соңына дейін барлық медициналық жоғары оқу орындары халықаралық стандарттарға сай болу үшін аккредиттеуден өтуі тиіс. Бұл туралы Астанада өткен жоғары білім беру сапасы бойынша VIII Орталық Азия форумында айтылды. Мұндай шешім болашақ дәрігерлерді даярлау сапасын арттыру үшін қабылданып отыр. Аккредиттеуді тәуелсіз агенттіктер жүргізеді және ол тексеру форматында емес, университеттердің өз бетінше өтініш беруімен жүзеге асатын болады.
Дархан Ахмед-Заки, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі:
-Агенттіктердің 2 бағыттағы жұмысы бар: ол бар бағдарламаларды бағалау. Олардың пысықтайтын мәселесі - сапа қамтамасыз ету жүйелері әртүрлі елдерде әртүрлі. Енді оны қалай бірлестіреміз? Өйткені қазіргі ЖОО тек қазақстандық студенттер оқып жатқан жоқ қой. Жоғары білім саласы халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке ие болу керек.