Қазақстан бір граммы $80 млн тұратын онкологияға қарсы препаратты өзі өндіре алады
Қазақстан бір граммы 80 млн АҚШ доллары тұратын онкологияға қарсы препаратты өзі өндіре алады. «Тіпті оны шет елдерге де экспорттай аламыз»,– дейді мамандар. Қуыс асты безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған дәріні Ядролық физика институты әзірлейді. Бірақ оған кемінде 5-6 жыл уақыт керек. Айта кетейік, елімізде онкологиялық аурулар жылдан жылға көбейіп барады.
Қазақстанда қазір 227 мыңға жуық адам қатерлі ісік дертімен есепте тұр. Жыл сайын 35-40 мың адамнан онкологиялық ауру анықталады. Дегенмен обырдан өлім-жітім азайған. Мұны мамандар ерте диагностикалаумен байланыстырады. Себебі ауру асқынып кетпесе, оны емдеу де жеңіл болмақ.
Оксана Шатковская, Ұлттық ғылыми онкология орталығы төрағасының орынбасары:
-Онкологиялық ауруларды емдеуге болады. Бірақ аурудың қай деңгейде анықталғанына байланысты. Ерте тапсақ, тіпті жақсы. Операция жасап, мүлдем жойып жіберуге болады. Ал дерт асқынып кеткен болса, оны тұрақтандыруға мүмкіндік бар. Осылайша пациенттің ғұмырын ұзартуға тырысамыз.
Ал ауруды ерте анықтауға біздің медицина қаншалықты қауқарлы? Сала мамандарының сөзінше, қазір Президент іс басқармасының Медициналық орталығы онкологиялық ауруларды емдеуге арналған озық технология тераностика технологиясын тәжірибеге енгізіп жатыр. Бұл – қатерлі ісікті ядролық медицина көмегімен анықтап, емдеу.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
-Қазақстанға қажетті радиофарм препараттардың 90% біз өндіреміз. Қазіргі айтып отырған мысалы, «фторлак-аксио глюкоза», екіншісі «генератор молибден технеций» деп аталады. Үшіншісі «Йод-101». Алғашқы екеуі диагностикалау болатын болса, йодпен рак щитовидной железы емделеді. Қазақстанда қазір тек Семей онкология орталығында.
Ядролық физика институты жыл соңына дейін «Самари» және «Глутаци» атты тағы екі препарат жасап шығармақ. Соңғысы диагностикаға да, терапияға да қатар жарамды. Одан да көп дәрі-дәрмек шығарар едік. «Алайда оған тиісті инфрақұрылым қажет»,– дейді. Яғни атомның негізінде жасалған препараттарды қолдану үшін арнайы палаталармен жабдықталған мамандандырылған ауруханалар қажет. Әйтпесе біздің мамандар саланы толық қамтамасыз етуге дайын.
Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
-«Актин-225» деген элемент бар. Соның негізінде дәрі-дәрмек дайындалады. Осы технология қазір әлемдегі ең алдыңғы қатарлы болып есептеледі. Оның өзі қайдан белгілі болады? Оның 1 кюриі, яғни түсінікті болу үшін 1 грамы 80 млн доллар тұрады. Осындай технологияны Ядролық физика институты қазір бастағалы отыр.
Осылайша онкологияда ағзаны химиясыз және сәуленің әсерінен сақтай отырып пациентті аталған аурудан құлан таза айықтыратын балама тәсіл пайда болады. Алайда оны енгізу үшін препарат өндірісі мен аурухана жақын орналасуы тиіс. Өйткені радиофарм өнімдері тасымалдауға жарамайды. Саладағы осы және өзге де мәселелерді шешу үшін Үкімет жанынан Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылған.
Авторлары: Дамир Берікұлы, Қайрат Ақтөреев