Медициналық қызметтерді цифрландыру қарқынды дамып жатыр
Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтерді цифрландыру қарқынды дамуда. Мәселен, 2024 жылы тамызда «Цифрлық құжат» сервисін пайдалана отырып пилоттық жоба іске қосылды.
Одан бөлек, пациентті веб-камера арқылы анықтауға мүмкіндік беретін Face ID технологиясы қолданысқа енді. Қазір пилоттық жоба 48 медициналық ұйымда қосылған. Бұл мекемелерде 2,5 мыңнан астам дәрігер күнделікті науқастарды осындай жаңа жүйе арқылы сәйкестендіру жүргізеді. Ал қабылдаулардың жалпы саны 475 мыңнан жоғары. Бұл дәрігерлерге жүктемені азайту болып табылады.
Пилоттық жобаға қосылған медициналық ұйымдарда күнделікті 270 мыңға жуық азаматты сәйкестендіру жүреді. Оның 96 мыңнан астамы Face ID технологиясы арқылы, «Цифрлық құжат» сервисі арқылы 142 жарым мың болса, код арқылы 30 мыңға жуығы жүзеге асырылады.