Әйелдер арасында жатыр мойын ісігі өршіп тұр
Елімізде әйелдер арасында жатыр мойын ісігі өршіп тұр. Мәселен, жыл сайын жаңадан 2 мыңдай әйел есепке алынады. Мамандар жағдай бұлай ушыға берсе, 2030 жылға қарай 700 мың әйел осы дертке шалдығатынын айтады. Дегенмен отандық дәрігерлер қатерлі ісікпен күресуге қауқарлы. Алдымен 30-70 жас аралығындағы әйелдер төрт жылды бір рет скринингтен өтуі қажет. Сонда дерт дер кезінде анықталып, күресу жеңілдейді. Ал 11-15 жас аралығындағы қыз балалар гардасил вакцинасын алса, жатыр мойын қатерлі ісігімен ауыратындар саны күрт азаяр еді.
Айда Шакирова, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, онкология және гинекология бөлімшесінің мергерушісі:
-Жатыр мойын обырының бастапқы сатыларында ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Сондықтан біздің кеңесіміз - әйел адамдарға жыл сайын қаралып тұру. Жатыр мойыны қатерлі ісігінің дамуына 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт бар. Біздің елде жатыр мойыны қатерлі ісігінің бағытталған барлық емнің түрі қолданылуда. Хирургиялық емдердің барлығы қолданылуда.