Іскер әйелдер салықты талқылады
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы бюджет реформасын, атап айтқанда қосымша құн салығының мөлшерлемесін талқылау үшін дөңгелек үстел өткізді. Жиынға кәсіпкер азаматшалардан бөлек Парламент депутаттары, салық сарапшылары мен мемлекеттік орган өкілдері шақыртылды. Қауымдастыққа 5 мыңнан астам кәсіпкер кіреді. Бұрымды бизнесмендер бұйымтай базыналарымен қатар өз ұсыныстарын да алға тартты. Айтуларынша АҚШ, Біріккен Араб әмірліктері, Жапония және Еуропаның дамыған мемлекеттеріндегідей өнімді сатудан түскен пайдаға пайызы төмен салық салса, ол бизнестің барлығын қамтып, кәсіпкерлер көлеңкелі кәсіпке емес, керісінше ашық фискалдық кеңістікке ұмтылатын еді. Іскер әйелдер жалпы алғанда қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өсуіне қатысты нақты себептерді көргісі келетіндіктерін алға тартып отыр.
Гүлзат Ізбасарова, кәсіпкер:
-Мәжілістен депутаттарды шақырып жатырмыз. Налоговыйдан да адамдарды, эксперттерді шақырып, біз өзіміздің сұрақтарымызға жауап алайық деген осындай столды ұйымдастырдық. Біздің пікірімізді білсе, бізден сұраса, бәріміз де кәсіпкер болған соң бюджетке ақша керек екенін бәріміз де түсінеміз. Қолдаймыз. Бізбен ақылдасып кәсіпкерлермен, осындай неге жұмсалынады бізге доказательство деп айтады ғой, көрсетсе, неге біз қарсы боламыз?!