Хабар телеарнасы

2024 жылы алматылық донорлар 15 мың литрден аса қан тапсырды

Алматылық донорлар өткен жылы 15 мың литрден аса қан тапсырған. Игі іске үлес қоссам дейтін жастардың саны артып келеді. Донорлардың 50% 35 жасқа дейінгі азаматтар екен. Сонымен қатар тұрақты түрде айына екі рет қан тапсыратын алматылықтар да көбеюуде. Қалалық қан орталығына күніне орта есеппен 100 адам келеді. Оның 30% жуығы денсаулығына байланысты донор бола алмайды екен. Қан екі деңгейлі зертханалық сараптама мен тазартудан кейін ауруханаларға жіберіледі. Орталық Алматыдағы мемлекеттік және жекеменшік емхананы қамтамасыз етіп отыр. Донорларға еңбек демалысы да қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, донор эритроцит пен плазма компонентін екі айда бір рет қана тапсыра алады. Яғни жылына 6 күн демалыс алуға құқылы. Ал қан тромбоцитін айына екі рет тапсыруға болады. Сондықтан тұрақты донорлар жылына 24 күн артық демалады. Ол үшін қан орталығы берген анықтаманы жұмыс орнына өткізу керек.

Жандос Надиров, Алматы қалалық қан орталығының директоры:

-Донор болу үшін тәртіп болады. Ол ішімдік ішпеуі керек, басқа да өз-өзінің денсаулығына қарау керек, сол кезде ол донорларға стимул болады. Бізге тұрақты донор болғысы келеді. Олар ақша үшін емес, өздері келіп, азаматтық борышын атқаруға, ондайлар да көп қазір.