Хабар телеарнасы

Павлодар облысында ауыл мектебі өртеніп кетті

Павлодар облысында ауыл мектебі өртеніп кетті. Қызыл жалын 153 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Аязға байланысты бүгін оқушылар қашықтан оқыған екен. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына қатты желден үзіліп кеткен электр сымы себеп болуы мүмкін. Бұланбай ауылы облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен. Іргесі 2010 жылы қаланған негізгі мектепте небәрі 20 бала оқиды. Облыстық білім беру басқармасы оқушыларды осы ауылда орналасқан шағын орталыққа орналастыруға шешім қабылдаған.