Ұлттық құрама Азия ойындарына дайындық жүргізіп жатыр
Қазақтың ұл-қыздарын баптай білсе, барлық спорт түрлерінен бәске түсе алатынын білікті бапкер Мәдіғали Қарсыбеков ағамыз баяғыда-ақ дәлелдеп берген. Сочи мен Бейжің олимпиадасында жүлделі орынға сынық сүйем қалған жігіттеріміз дүниежүзілік жарыстарда да әлем мықтыларымен терезесі тең өнер көрсетіп жүр. Кеше ғана жас спортшыларымыз Туриндегі қысқы Универсиада да аралас командалық сайыста қолаға қол жеткізді. Ал ұлттық құрама Астанада Азия ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр. Шорт-трек шеберлеріне жеке жаттығу кешені керек дегенді жиі айтамыз. Өйткені конькишілер мен хоккейшілер сырғанайтын айдын спортшыларға өте қолайсыз.Дегенмен ұлттық құрама мүшелері қол қусырып отырмай барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға тырысып жүр. Ақпанда басталатын Азия ойындарында осы шорт-трек шеберлерін бәйге төбенің басынан күтеміз. Абзал Әжіғалиев пен Әділ Галиахметов, Денис Никиша секілді тәжірибелі спортшылармыз намысты қолдан бермеу үшін аянып қалмаймыз деп отыр. Дегенмен Азия құрлығында бұл спорт түрінен бәсекелестік өте жоғары- дейді мамандар.