Волонтерлер қоғамдық көлікке мінген тұрғындарды тазалыққа шақырып, қоқысты арнайы орынға тастауға үндейді. Игі шара 10 күн бойы қаладағы барлық автобус бағыттарында ұйымдастырылады.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы Маңғыстау облысы елді мекендерінде жалғасуда. Апта сайын өтетін сенбіліктерге волонтерлер белсенді атсалысып жатыр.
Жеңіс Енболатұлы, волонтёр:
- Бұл қарапайым халыққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Яғни қоқыс тастамау. Ағаштарды отырғызу, сонымен қатар қуат пен суды үнемдеу деген сияқты бағытта өткізіледі. Қазіргі кезде бізде 45 күндік «Таза Маңғыстау» деген челлендж өтіп жатыр. Соған қосылып, күнделікті әдетке айналдыруға тырысу.