Енді қала көшелерін тазалау барысы цифрлық платформа арқылы қадағаланады. Биылдан бастап іске қосылған электрондық жол парағы жүйесі нақты қай уақытта, қандай техника, қай жерде жұмыс істеп жатқанын, оның жүріп өткен бағытын, қанша реагент себілгенін және жұмыстың қай уақытта басталғанын көрсетіп отырады. Бұл коммуналдық қызметтің ашықтығын күшейтіп, жұмыс тиімділігін бірнеше есе арттыруға сеп болмақ. Цифрлық платформа қаладағы 393 арнайы техникаға енгізілген. Сондай-ақ бүгін желдің өтінде жүріп бел жазбай еңбек ететін, қала тазалығына жауапты мамандарға қызметтік баспана берілді.
Бақытжан Әбдуәлиев, «Астана тазалық» ЖШС арнайы техника жүргізушісі:
-Пәтер жалдап тұрғанбыз. Аллаға шүкір, басшылыққа рақмет. Ертең-арғы күні көшіп келеміз. Мен осыған дейін Қосшыда пәтер жалдап, со жақтан 4 пересадкамен келетінмін. Таңғы сағат 8-де жұмыс болса, 5-тен тұрып шығам. Мына жерден 7-де шықсақ, есігіміздің алдында, кіреміз, шығамыз.