Хабар телеарнасы

Жезқазғанда заңсыз қоқыс алаңдары көбейді

Ғарыштан жүргізілген бақылау нәтижесінде 127 үйінді анықталды. Оның басым бөлігі қаланың Кенесары және Батыс шағынаудандарында. Мұнда жекеменшік үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында рейд жүргізген экологтар коммуналдық сала қызметкерлеріне қоқыс алаңдарын жою жөнінде ескерту жасап, айыппұл салды.