Хабар телеарнасы

Жезқазғанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Жезқазғанда Түркістан облысы тұрғындарының қатысуымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өттіОлар өңіраралық мәдени байланыс орнату мақсатында Ұлытауға арнайы келген. Табиғат жанашырлары қала тұрғындарымен бірге Қаныш Сәтбаев ескерткішінің маңын тазалады. Бұл алаң облыс орталығындағы ең көрікті орындардың бірі.

Академиктің 125 жылдық мерейтойына орай жақында ғана қайта жаңғыртудан өткен. Түркістандық делегация құрамында депутаттар, қоғам белсенділері мен ақпарат саласының қызметкерлері бар. Республиканың барлық өңірін аралап, киелі орындарда тазалық жүргізетін топ осыған дейін Қазақстанның батыс өңірінде болған. Делегация басшысы Дулат Әбіш: «Басты мақсатымыз – азаматтарды табиғатқа жанашырлық танытуға шақыру», - дейді.  

Дулат Әбіш, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

- Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы. Сол 125 жыл аясында акцияны жалғастырсақ. Сондай-ақ Жошы, Алаша ханда болып, ол жерде де акцияны жалғастырып, ол акция көзбояушылық емес, шынайы болуы керек. Мысалы, біз барған жердің бәрінде жүрегімізбен осы мақсатын елге насихаттау. Тек қана барып көшені сыпыру емес, тазалық бір күндік емес. Бұл біздің күнделікті мәдениетіміз.