Хабар телеарнасы

Каспий жағалауында 151 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасынан 151 итбалықтың өлексесі табылды. Сараптама жүргізу үшін олардың ішкі ағзасынан сынама алынған. Қазір аумақта жергілікті уәкілетті органдар, гидробиология және экология институтының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.

Балық инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, кейбір итбалық браконьерлік ау құралына оралған күйде табылған.

Әлібек Жәлелов, облыстық балық инспекциясы басқармасының бас маманы:

- Жел теңізден соққанда, осы өлген итбалықтардың барлығы жағаға лақтырып тастайды. Оның ішінде жаңағы браконьерлік аулардан өлгені бар. Денелерінде аудың іздері бар көбінде. Соған қарағанда браконьерлердің теңізге құрған ауларында өлген сияқты деп ойлаймыз. Бірақ енді зерттеу сынамаларынан кейін белгілі болады неден өлгені.