Хабар телеарнасы

Оралдық жастар «Екінші жұмысшы» ауданын күл-қоқыстан тазартты

Орал қаласындағы «Екінші жұмысшы» ауданын күл-қоқыстан тазартты. Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында 35 көпқабатты үйдің ауласы жинастырылып, 53 мың тонна қоқыс шығарылған. Белсенді жастар тазалық автобустарымен шаһарды тұрақты аралап тұрады. Тұрғындар өз өтініштерін әлеуметтік желі арқылы жолдай алады. 

Аманат Бектұрсынов, Ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы: 

- Көріп тұрғандарыңыздай, аулаларды қоқыстан тазарту, мына гараж маңындағы жиналып қалған қоқыстардың барлығын тазартып жатырмыз. Бұл жерде мақсат қандай десеңіз, қала тұрғындарының, аула тұрғындарының басын бір жерге тоғыстыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өздерінің аулаларын таза ұстауға деген ынталандыру мақсатында өткізіп жатырмыз.