Абай облысының жастары қарт кісілердің ауласын қардан тазартты
Абай облысы Ақсуат ауданының жастары еңбек ардагерлері мен жалғыз тұратын қарттардың ауласын қардан тазартты. «Мұндай акциялар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды»,– дейді мамандар. Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алғалы өңірде 100-ден астам сенбілік ұйымдастырылып, 60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
Бағи Ербаева, Ақсуат ауданының тұрғыны:
-Жастардың келгені бізге өте қуанышты. Істелмей жатқан жұмысымыз істеледі, көңіліміздегіні айтамыз. Жастарға қазір жұмыс па бұл. Қолдарының ұшыменен істей салады. Ал бізге мына бір аттам жерді жүру қиын. Сондықтан жастардың ісі өрге баса берсін.
Жаңасыл Әлихан, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:
-Бұл дегеніміз – жастар үшін қарттарымыздың өмірін жеңілдету. Моральдық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Іс-шараның аяғында қарттардан бата алып үйренген жастар.