Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: ШҚО-да акцияға студенттерді жұмылдыру жоспарланды

Еліміздің шығысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына студенттерді жұмылдыру жоспарланған. Көктемде өлкеде үлкен ауқымдағы көгалдандыру шаралары жүргізіледі. Былтыр 80 мың аула абаттандырылып, 370 шақырым арық тазаланды. Аудандар мен қалаларда 50 мыңға жуық көшет егілді. Алайда бұл жұмыстар аймақ үшін аздық етеді. Өрт шалып, көк шықпай жатқан жерлерге тал егіп, орманға айналдыру үшін күш керек. Табиға жанашырлары әрбір оқу орындары ұжымымен кездесіп, замандастарын экологиялық жобаларға қатысуға үндеп жүр. 

Танир Ясса, «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі:

-Көктемгі жоспар ауқымды. Мәселен, Таулы Үлбі маңында жасыл желегі өртке оранып, тақырланып қалған жер бар. Ең алдымен сол жаққа барып, мыңдаған түп көшет отырғызамыз. Ол үшін әрине жастардың көмегі қажет.