Салық реформасы: сарапшылар пікір білдірді
«Қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру үшін құзырлы орындар қосымша мәселелерді шешуі тиіс»,– деп есептейді экономист Досым Бесбай.
Досым Бесбай, экономист:
- Қысқамерзімде салық жүктемесін арттыруға балама іздеуге болады. Ол арнайы жеңілдік алып отырған шикізат компаниялары, мүлде салық төлемейтін маркетплэйстер, жолын тауып кедендік алымдарды айналып өтетін заңсыз импортқа назар аудару керек. Ал ұзақ мерзімде құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізілуі тиіс. Бірінші кезекте әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс, базалық мөлшерлемені төмендетіп, каптиталдың бизнеске қолжетімділігін қамтасыз ету керек. Бизнес жаңа жобаларды іске асыра алмайды, өйткені соңғы 3 жылдан бері базалық мөлшерлеме жоғары.
Экономист Бауыржан Ысқақтың пайымынша қосылған құн салығы тауар құнына қосылатындықтан ертең тауар бағасының қымбаттауы мен көлеңкелі бизнеске әкеп соқтырады. Айтуынша мемлекет бұл тәуекелдерді ескеруі тиіс және үкімет тарапынан нақты бір шешімдер болуы қажет.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
-Өйткені салыққа салынатын база көбейген сайын қосарланған бухгалтериямен көлеңкелі экономиканың элементтерін пайдалануы мүмкін. Сол үшін мемлекет қосымша құн салығын көбейте отырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға немесе сол бизнес ортаны дамытуға, жақсы климат қалыптасуына жағдай жасатын болса, онда ол өзін-өзі ақтайды.