2021 жыл Қазақстанда Экология жылы деп жариялануы мүмкін
Қазір елдегі экологиялық жағдай өте күрделі. Соңғы 30 жылда ауаға 4 млн тоннаға жуық зиянды заттар тараған көрінеді. Мамандар елде экология мәселесі оқтын-оқтын ғана көтеріледі. «Жүйелі бағдарлама жоқ», – деп отыр. Өзекті мәселелер талқыланған жиынға қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары қатысты. Оны ұйымдастыруға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болды. Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, табиғатты көздің қарашығындай қорғауға әрбір азамат атсалысуы керек.