«Сбербанк» АҚ: ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмылу маңызды
Акционерлік қоғам өкілдері: «ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмылу маңызды» дегенді алға тартады. Игі дәстүрге атсалысумен қатар төтенше жағдай кезінде де ел азаматтарына шұғыл кеңес берді. Қашықтан қызмет көрсетті. Банктің тұтынушылары қаржы ұйымына дән риза.
«Сбербанк» АҚ – елімізден бөлек, ТМД мемлекеттеріне танымал қаржы ұйымы. Оның қызметі ауқымды аумақты қамтып отыр. Сәйкесінше, мультивалюта, яғни ақшаны айырбастау пунктіне жүгінбей-ақ, кез келген нүктеден шетелдік валюталарға ауыстырып, қаражат аударуға болады. Қызметтің бұл түрі көптеген азаматтар үшін қолайлы.
Мұхтар Әуезов, қала тұрғыны:
- «Сбербанк» – тек қана Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде бар банк. Себебі ол маған өте ыңғайлы. Турцияға демалысқа баратын болсам, отбасыммен немесе Ресейге баратын болсам, оның бөлімшелері бар. Маған өте ыңғайлы.
Банк қызметі түгелдей цифрландырылған. Компьютер, тіпті кәдімгі смартфон арқылы ақша жіберуге болады. Sberbank.kz қосымшасында коммуналдық төлемдер мен депозит ашу, несие рәсімдеу, сатып алу сияқты 5 мың 6 жүзден астам қызмет түрі қолжетімді.
Марина Адрисова, қала тұрғыны:
- Мен бес жылдай «Сбербанк» АҚ қызметіне жүгінемін. Оның үстіне банктің филиалы дәл менің үйімнің қасында. Мынадай қысыл-таяң кез туғанда банктің қызметі жедел жұмыс істеді. Сол үшін алғыс білдіргім келеді.
Еліміз бойынша «Сбербанк» АҚ-тің мыңнан аса банкоматы бар. Олардың қорғанысы мықты. Мәселен, Алматыдағы бүлік кезінде ұрылар құрылғыға зақым келтіргенімен, оны бұза алмапты. Нәтижесінде қаражат қаз-қалпында сақталған. Сондай-ақ банк өкілдері цифрлы ақшаныңда қорғанысы берік екендігіне шәк келтірмейді.