Хабар телеарнасы

Бизнес-қауымдастық кәсіпкерлерге қойылар тосқауылды алдын алуға жаңа талаптар ұсынды

Бұл өнімді өндірушіден бастап тұтынушыға дейін қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Алайда бұған қолбайлау болып тұрған мәселе бар. Тауарларды таңбалау қызметінің ұлттық операторына әлі демонополизация жасалмаған. Бірыңғай оператордың сайты таратқан деректерге сүйенсек, 2019 жылдан бері үш тауар тобы таңбаланады. Олардың қатарында темекі өнімдері мен аяқ-киім бар. Біртіндеп дәрі-дәрмектер де таңбалаудан өтіп жатыр. 


Раушан Сәбденова, кәсіпорын директоры:
- Жаңа геосаяси жағдай экспортқа шығарылатын тауарларды қадағалау қажеттігін тудырып отыр. Бұл кәсіпкерлеріміздің қандай да бір мәселелерге тап болып, санкцияға ұшырамауы үшін қажет. Біздің нарықта таңбалауды жүзеге асыратын озық технологияларды ұстанатын бірнеше оператордың жұмыс істегені дұрыс. Импорт, экспортпен айналысатын отандық кәсіпкерлер санкцияға ілінбес үшін тауарларды таңбалау жобасын жаңа деңгейде жүргізіп, жағдай жасауымыз керек.