Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2 есе артты
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Въетнам вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылау барысында айтты. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Вьетнамға визасыз кіру мәселесін көтеріп, бұл екі ел арасындағы сауда және туризмді дамытуға оң әсер ететінін жеткізді. Во Тхи Ань Суан Вьетнамның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне үлкен маңыз беретінін атап өтті.