Елімізде энергия тиімділігін арттыру арқылы Т82 млрд үнемделеді
Бұл туралы Астанада өткен төртінші Халықаралық энергия үнемдеу форумында айтылды. Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты бюджеттік сектордың 16 мыңға жуық ғимаратына талдау жасаған. Оған сәйкес ғимараттардың 60 проценттен астамы энергоресурстарды 50 пайызға артық тұтынады екен. Яғни олар энергияны қолдану бойынша ең төменгі «Е» санатына жатады. Бұған дейін БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржылай қолдау жасаған. Министрлік өкілдерінің айтуынша, 25 млн доллар қайтарымсыз грант мақсатты жұмсалған.
Марат Қарабаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
-Сол гранттың шеңберінде бізге мысалы келіп, энергияны қалай үнемдеуге болатынын, бізде бюджеттік сектордағы болсын, балабақша болды, мектеп болды. Солардың бәрінде жаңа технология енгізді. Енді қазіргі жаңа бағдарлама жасап отырған жалпы тек қана өнеркәсіп кәсіпорындарында жасаймыз деп отырмыз.