Қазақстан азаматтарын 18 млрд теңге шығынға батырған халықаралық алаяқтар тобы ұсталды
Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Аталған топтың Украинада арнайы ірі зертханасы болған. Онда Қазақстан азаматтарының аты-жөні, ұялы телефон номерлері бар деректер қоры сақталған. Алаяқтар тобында 41 оператор 3 ауысымда тұрақты түрде жұмыс істеп, қазақстандықтарға қоңырау шалған. Мұнан соң сенімге кіріп, жиған-тергендерін өз есептеріне аударып отырған. Осылайша қылмыстық топ соңғы 5-6 жыл бойы қомақты пайда тауып келіпті. Қазақстан мен Украина күштік құрылымдары бірігіп аталған зертханадан ірі көлемде құрал-жабдықтар мен ұялы телефондар тәркілепті.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Әрине счеттарын берген, жалған счет аударып, соларға берген Қазақстан азаматтары бар. Осының алдында да 5 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған осы себеппен. Зардап шеккен өте көп, өйткені 18 млрд теңге зардап келіп отыр. Өйткені анықталған, анықталмаған азаматтар бар.