Еуразиялық экономикалық одақ: сауда-саттық жанданады
Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс. Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде осылай деді. Тараптар одақ аясындағы кедергілерді жою, стратегиялық құжаттарды іске асыру сынды мәселелерді талқылады. Михаил Мясникович еліміздің дамуын оң бағалап, сауданы одан әрі жандандыру үшін қолайлы жағдай жасайтынын айтты.