JUSAN тобының активтері елге қайтарылады
Қаржы ұйымының қаражатын Қазақстан өзі басқаруы керек. Бас прокуратураның ресми сайтында осындай ақпарат жарияланды. Былтыр құзырлы орган «Жусан» банкінде арнайы тексеріс жүргізіп, капиталдың шет елге жөнелтілгенін анықтаған еді. Салдарынан қаражатын осы банкте ұстайтын «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» мүддесіне қауіп төнді. Сондай-ақ «Назарбаев қорының» өкілдері де аталған мәселе бойынша Прокуратураға арыз берген. Осылайша қазір Бас прокуратура тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ал тексеріс банктің қызметіне еш кедергі келтірмейді. Ол қалыпты жұмысын жалғастыра береді.