Қарақұмық алқабы 21 мың гектарға ұлғайтылды
Шикізат бар, қордағы өнім жеткілікті. Бірақ импорт пен логистикаға қосылған құн салығына байланысты дәнді дақыл қымбатқа түсіп келген. Кәсіпкерлер өнімді нарықта сатып алу бағасы төмендегененін, енді қарақұмықты өсірушілер қатары азаюы мүмкін екенін де жеткізді. Мәселенің шешімі бар ма?
Шаруалар: «шығын көп, баға төмен дегенді алға тартып, егіс көлемін азайтуға мәжбүр боламыз»,–дейді. Елімізде қарақұмық өндіруден көш бастап тұрған Павлодарда, сондай-ақ Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да осындай жағдай байқалады.
Есентай Мұрсалимов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Біздегі проблема нарықта сатып алу құны төмендеді. Осыдан екі жыл бұрын Қостанай облысынан келіп, бізден тоннасын 220-240 мың теңгеден сатып алатын. Биыл баға 150 мыңға түсіп кетті. Айырмашылық көп. Тұқым қоры жеткілікті, жеріміз бар. Соған қарамастан біздің диқандар қарақұмық егуді жалғастырып жатыр. Бірақ алдағы жылы алқап көлемі өзгермек.
Елімізде былтыр қарақұмық алқабы 99 мың гектарды құраған. Биыл 21 мың гектарға дейін артқан. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жауаптылар, шаруаларды қолдаудан кенде емеспіз деп отыр.
Ерсайын Досметов, АШМ егіншілік департаментінің бас сарапшысы:
- Тұқымның жалпы шығындары 50-70% дейін субсидияланады. Ал минералды тыңайтқыштарына келетін болсақ, сатып алынған расход шығыстарының 50% беріледі. Одан бөлек ауыл шаруашылық техникаларды сатып алған кезінде де трактор, комбайндарды тарту кезінде мемлекеттік субсидиялар көзделген.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл қарақұмық алқабы үш есеге дейін ұлғайтылмақ. Өңір диқандары 27 мың гектар жерге егуді жоспарлап отыр. Көктемгі дала жұмыстары сәуір айының соңында басталмақ.
Әсем Айтулова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы:
- Бұл қарақұмық бізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына кіреді. Сондықтан да біздің мақсат оның бағасының өсіп кетпеуін бір қалыпты деңгейде ұстап тұру болып табылады. Сондықтан да осындай шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Қарақұмық экспорты мен импорты керісінше төмендеген. Былтыр 5,7 млн доллармен сыртқа сатылған. Импорт 5 есе қысқарған.
Сапарбай Жобаев, тәуелсіз сарапшы:
- Енді Қытайға жол ашуымыз керек.Осыларды шешіп болмайынша, астықтың бағасы төмендеу болады. Сата алмай жатырмыз деген кезде бағасын көтеріп, өзіндік құнын төмендетпестен сатып алса болады. Астықты 2-3 айдан кейін оның бағасы көтерілуі мүмкін. Сол кезде Продкорпорация да, СПК-да жұмыс жасау керек.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл әлеуметтік маңызы бар өнімдерді мемлекет қорына сатып алу үшін«Азық-түлік корпорациясына» 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Соған сәйкес, қарақұмық өндірушілерден өнімді сатып алу бағасы тұрақты болады. Алаңдауға негіз жоқ.
Авторлары: Диана Қадыр, Темірлан Сұлтанғазиев