Архив қызметкерлеріне 25% үстемақы қосылады

  • 9
  • 17.09.2025, 19:44

Мәжіліс тиісті заңға өзгеріс енгізіп, мұны міндетті норма ретінде бекітті. 

Айта кетейік, қазір елімізде тарихи-мәдени мұраларды және мемлекеттік маңызға ие құжаттарды сақтайтын 231 мұрағат бар. Сондай-ақ бір Президенттік және 4 арнайы архив жұмыс істейді. Бұл нысандарда 27 млн-нан астам құжат сақталған. Қазір архивтер электронды құжаттар қорын жинау процесін бастады. Мамандардың айтуынша, осы арқылы түскен өтініштер бойынша ақпаратты өңдеу жылдамдайды. Сондай-ақ архивтердің сақтау қорын ұлғайтуға мүмкіндік артады. Себебі қазір қолданыстағы мұрағаттар 92, кейбірі 100 пайызға дейін толған. Әрі көп ғимарат ескірген. Оларды жаңарту мәселесі де ескеріліпті.

Айбек Сыдықов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Былтыр ғана Жамбыл облысының екі ауданында 200 мыңға арналған архивтер ашылды. Сондай-ақ 7 өңірде архив салу бойынша жер телімдері қарастырылған. Болашақта ол жоспарда бар. Бізде қазір 200, 500 және 1 млн-дық архивтердің дайын ПЗД-лары тұр. Оны өңірлер пайдалана алады.