Қазақстан ЕО-пен тау-кен саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Іске асыруға болатын жобалар жайлы Астанада өткен бизнес әріптестік форумында талқыланды. Жиынға сирек кездесетін кен орындарын игеруге машықтанған компания мамандары, кәсіпкерлер мен елшілік өкілдері қатысты. Алдағы уақытта олардың кейбірімен бірлескен жаңа өндіріс орындарын құру жоспарда бар. Аймақтар да нақтыланып отыр. Ол Оңтүстік Қазақстандағы гелий, Қарағанды облысындағы платина және Ақтөбе облысындағы магнезит кені.
Айта кетейік, Қазақстанда өндіріс жолға қойылмаған маңызды 9 шикізат қоры бар.
Кесттутис Янкаускас, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшіс:
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызығушылық танытқан компаниялардың тізімін анықтады. Біз одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін және қаржылық көмек көрсету бағдарламаларын дайындап жатырмыз. Жоба қос тарап үшін де үлкен мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.